« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қызылордалық жол дистанциясының еңбеккерлері Абай Әбдраевтың көп балалы отбасына жаңадан үй салып берді, деп хабарлайды BNews.kz «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отбасы иесінің сөзіне қарағанда, 2016 жылы желтоқсанда үйлері өрт салдарынан түгелдей жанып кеткен. Далада қалған көп балалы отбасын, яғни жанұядағы 9 адам, оның алтауы кішкентай баланы теміржолшылар далаға тастаған жоқ.
«Менің достарым мен әріптестерім сол бойда маған қол ұшын созды. Бірі азық-түлік әкелсе, екіншілері қажетті киім мен заттарды жеткізді. Біз далада қалған жоқпыз», - дейді А. Әбдраев.
Жол дистанциясының бастығы Дүйсенбай Әбдиев үйсіз қалған жанұяға барлығы бірлесіп, жұмыла жәрдем жасағандарын айтты.
«Біз алғашқы күннен бастап өрттен зардап шеккен отбасына кәсіподақпен бірлесіп үй салып беру жайын қарастырдық. Барлық еңбеккерлер көмектен тыс қалған жоқ. Барлығымыз бір кісінің баласындай, бір қолдың саласындай жұмыла кірісіп кетттік», - дейді Дүйсенбай Әбдиев.
Бұл оқиғаны естіген басқа да Қызылорда өңіріндегі жол бөлімшесінің басқа сала еңбеккерлері де үлес қосты. Теміржолшылар қаржы жинап, отбасына жеткізді. Оған әрине, барлығы жұмыла отырып, бір жылда асар әдісімен жаңадан үй салып шықты. Жаңа жыл қарсаңында жаңа әрі кең үйге қоныстанған отбасының қуанышында шек жоқ.
Жылы да жайлы баспанаға кірген жолшы Абай Әбдраевтың үлкен отбасы бір жыл бұрын болған бақытсыз оқиғаны бірге көтеріскен теміржолшылар қауымына шексіз ризашылықтарын білдіруде.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |