« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Мен ғалым ретінде Елбасының биылғы Жолдауынан не байқадым? Елімізде егіншілік мәдениетін көтерудің сан алуан қыры тұжырымдалғаны байқалады. Диқаншылық кәсіпті меңгерудің баға жетпес құндылықтарын игере бастадық. Енді шикізатты қайта өңдеп, әлемдік нарыққа жоғары сапалы өніммен шығуымыз қажет. Оған Елбасы көрегенділікпен тағы да жол сілтеді. Әрине, аграрлық саланы ғылыммен ұштастырсақ ғана оң нәтижеге қол жеткіземіз.
Шындығын айту керек, жаңа технологиялар мен бизнес модельдерін енгізу, агроөнеркәсіп кешенінің ғылымға негізделуін арттыру, шаруашылықтарды кооперациялау қажеттігі туындап отыр. Бұл үшін ауыл шаруашылығы субъектілерін кооператив түрінде жұмыс істеуге, жан-жақты қолдау көрсетуге бетбұрыс жасамай болмайды. Бұл ретте, Сыр өңірінің бірқатар шаруашылықтарында игі қадамдар бастау алуына облыс басшылығының барынша қолдау көрсетіп отырғанын айту керек.
Биылғы Жолдауда айрықша айтылған бағыт – Қазақстанның болашағы – үш тілді еркін меңгерудің, қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату үшін латын әліпбиіне көшудің қажеттілігі болжампаздық бағдаршамы екен.
Мен ғалым ретінде айтпағым, Сыр өңірінің әрбір еңбеккері, Елбасы Жолдауындағы алда тұрған он міндетті жүзеге асыруға атсалысуды басты парызға айналдыруға тиіс. Бұл биік белестерге жеткізері ақиқат.
Ә.ӘМІРҒАЛИҰЛЫ,
ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты,
«Құрмет» орденінің иегері.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |