БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖОЛДАУДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

Кеше облыстық әкімдікте Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқылаған жиын өтті. Оған білім саласының мамандары қатысты.
Жиынды жүргізген облыстық білім басқармасы басшысының міндітін атқарушы А.Қасымова биылғы Жолдауда білім саласына ерекше мән берілгенін атап өтті. М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің директоры Б.Сайлыбаев сала мамандарының уақытылы әрі керек кезде бас қосып отырғанын жеткізді.
Дөңгелек үстел барысында мұғалімдердің кәсіби біліктігі мен жаңа технологияларды меңгеру жайы да сөз болды. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның филиалы Қызылорда облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының кафедра меңгерушісі Б.Қожамберлиев Мемлекет басшысының әр жылдағы Жолдауларына шолу жасап, маңыздылығына тоқталды. «Білім беру кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Р.Байназарова Жолдаудың мәнін аша талқылаған мұндай жиындарды аудандарда да өткізу қажеттігін айтса, ардагер ұстаз Ә.Әбдіқалықова тәрбие мен білімнің рухани жаңғырумен ұштасуы тиіс екенін тілге тиек етті.

Ә.БАТЫРБЕКОВ.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 қаңтар 2018 г. 726 0