ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ

Кеше “Достық үйінде” Елбасының Жолдауына орай “Бірыңғай республикалық күні” аясында облыстық ассамблея активінің отырысы өтті. 

Шараға облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким, облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі Ләйлә Төрешова, облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық топ мүшелері, этномәдени бірлестіктер, Қоғамдық келісім кеңесі мен қаладағы кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қатысты. Жиында Жолдаудың негізгі бағыттары сөз болып, ауқымды тапсырмаларды жүзеге асыру жолдары мен оның басымдықтары,. сондай-ақ, саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім, сананы жаңғырту мәселелері де қозғалды.

– Биылғы Жолдауда білім саласы мен индустрияны дамытуды басты назарға алынуда. Бұл еліміз үшін талапты, негізгі дүние. Отыз елдің қатарына кіруді көздегендіктен, білімді, әлеуеті жоғары ел болуымыз керек. Сондықтан Елбасымыз айтқан міндеттерді жүзеге асыруға әрі қолдауға дайынбыз, – деді “Бітім”медиациялық қоғамдық бірлестігінің медиатр-тринері Ләззат Бақтыбаева.


Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ

“Сыр бойы” газеті.

 

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 қаңтар 2018 г. 435 0