« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Сәрсенбі күні облыстық медицина орталығында облыс әкімі аппарат басшысының орынбасары Индира Ақжігітова және облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназорва мен облыстың емдеу – алдын алу ұйымдарының бас дәрігерлері, сондай-ақ, аталған басқарма қызметкерлерінің қатысуымен бас қосу өтті. Онда Елбасы Жолдауынан туындайтын салаға қатысты басымдықтар сөз болды.
Индира Ақжігітова “Цифрлық Қазақстан” бойынша да тоқталды.
– Өткен жылдың аяғында “Цифрлық Қазақстан” бағдарламасы қабылданды. Өздеріңіз білетіндей, электронды жүйеге көшу заман талабы. Осы орайда денсаулық сақтау саласының маңызы зор. Өйткені, электронды жүйеге өту арқылы кез-келген уақытта, қай жерде жүрсеңізде жұмысыңызды жасай аласыз. Бұл тұрғыда Сіздердің салаларыңыз қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр. Алдағы уақытта Елбасы межелеген міндеттерді толықтай жүзеге асыратындарыңызға сенемін, – деді.
Шара барысында саланы цифрландыруға байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназорва емдеу-алдын алу ұйымдарының басшыларына мамандардың біліктілігін арттыру, локальды медициналық ақпараттық жүйелермен сапалы жұмыс жасау секілді түрлі тапсырмалар жүктеді. Бұл тұрғыда дәрігерлер қауымы Жолдауда көрсетілген міндеттердің орындалуына атсалысатындықтарын айтты.
Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ
“Сыр бойы” газеті.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |