Ақпарат және коммуникациялар министріне Жолдаудың медиа-жоспарын жасауды тапсырды

Үкіметтің осы жылдағы алғашқы отырысында Бақытжан Сағынтаев Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевқа Елбасының Жолдауын халыққа түсіндіру үшін медиа-жоспар жасауға тапсырма берді, деп хабарлайды Baq.kz.

Жиында Бақытжан Сағынтаев Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен мемлекеттік органдардың басшыларына бірқатар міндетті жүктеді.

«Дәурен Абаев (Ақпарат және коммуникациялар министрі – автор) Елбасының Жолдауын БАҚ-та түсіндіру үшін медиа-жоспар жасау керек. Мемлекеттік органдардың басшылары 11 қаңтар сағат 18:00-ге, яғни осы күннің аяқталуына дейін Ұлттық экономика министрлігіне Мемлекет басшысының Жолдауын орындау үшін тиісті ұсыныстарды ұсынуы қажет. Ұлттық экономика министрлігі 13 қаңтар күні сағат 12-ге дейін Елбасының жолдауын орындау туралы Үкіметпен келісілген жалпыұлттық жоба жоспарын көрсетуі қажет. Ал Канцелярия аталған жобасын 16 қаңтар күні Үкімет отырысының талқысына шығаруы керек», - деді премьер-министр.

Сондай-ақ, отырыс барысында Үкімет басшысы биылғы Жолдауда көрсетілген әрбір он міндет бойынша министрлерге жеке-жеке тапсырма беріп, оларды жедел орындау қажеттігін атап өтті.

«Құрметті әріптестер, бұл жұмысқа үлкен жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймын. Сондай-ақ, аталған жұмыстарды орындау барысында барынша оперативті болуларыңыз қажет. Біздің тәжірибеміз жеткілікті. Сондықтан сіздер аталған міндеттерді сәтті орындап шығады деген үміттемін. Елбасының Жолдауы бойынша атқарылған жұмыстарды Үкіметте тұрақтарды түрде тыңдап тұрамыз», - деді Бақытжан Сағынтаев.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 қаңтар 2018 г. 555 0