ТҚЖБ САЛЫМШЫЛАРЫ ҚАЗПОЧТА АРҚЫЛЫ ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ҚАТЫСА АЛАДЫ

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Қазақстанның  тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Қызылорда филиалының бизнесті дамыту бөлімінің басшысы Бану Ержанова мәлімдеді.

Енді облыстың кез келген тұрғыны банк ғимаратына келмей-ақ, Казпочта арқылы депозит ашу және толықтыру, несие төлеу секілді қызмет түрлерін  артық төлемдерсіз жүзеге асыратын болады.

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің заңды кеңесшісі ретінде «Казпочта» АҚ-ның бірлесе жұмыс жасауы Банк клиенттеріне қызмет түрін пайдалануға қолайлы жағдай жасайды. Себебі, біз ұсынылатын қызмет түрі барынша ыңғайлы болса дейміз. Казпочтамен бірлесе жұмыс жасау аудан мен ауыл тұрғындары үшін ыңғайлы болмақ. Кызылорда облысына қарасты  аудандарда жалпы саны 36 бөлімше автоматтандырылған, яғни Банк операцияларын орындауға дайын, Қызылорда қаласында қазіргі таңда 4 бөлімше осы бағдарлама бойынша жұмыс жасауда, - деді баспасөз конференциясында бөлім басшысы Бану Ержанова.

Брифинг барысында сөз алған «Казпочта» АҚ Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары Салтанат Есболғанқызың айтуынша, Банк қызметі жүктелер алдында қала, аудан, ауыл орталықтарындағы бөлімшелерде жұмыс жасайтын операторлар Банк бағдарламаларымен таныстырылды.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 қаңтар 2018 г. 603 0