АЛҒАШҚЫ ӨНІМ АСТАНА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ШЫҒАРЫЛАДЫ

Бүгінде Қызылордадағы шыны зауыты құрылысының 40 пайызы дайын. Ал қажетті құрал-жабдықтар толығымен жеткізілді. Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте «Orda Glass» ЖШС басқарма төрағасы Ержан Сағымбаев осылай мәлімдеді.

Ондағы төрт кешеннің үшеуінде құрылыс жұмысы жүргізіліп, 200-ге жуық жұмысшы жұмылдырылған. Қазіргі кезде теміржол тұйығы, су құбыры және кәріз су жүйесін жеткізу бағытында шаралар атқарылып жатыр. Аталған нысан өндіріске жаңа технологияларды енгізуге негізделген. Бұл – Президенттің биылғы Жолдауында көрсетілген басымдықтардың бірі.

– Мемлекеттік басқару, экономика, агроөнеркәсіп, өндіріс – барлық салада цифрлық технология болады. Бүгінгі күні төртінші өнеркәсіптік революция басталды. Әлем елдері цифрлық технологияға бет алды. Бұған біз де мүдделіміз, – деді Е.Сағымбаев.

Салынып жатқан шыны зауытында планшет, смартфон, күн панельдеріне арналған өте жұқа шыны өнімдері шығарылады. Құрылысты аяқтау міндетін қытайлық «China Triumph International» компаниясы мен «Orda Glass» серіктестігі міндетіне алған. Е.Сағымбаев алғашқы өнім биыл Астана күні қарсаңында шығарылатынын айтты.

Н.САНИЯЗОВА.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 қаңтар 2018 г. 572 0