Ақпараттық технологиямен әлемге жол

Елбасының биылғы Жолдауы еліміздегі төртінші өнеркəсіптік революция жағдайын дамытуға арналды. Сонымен қатар, оны жүзеге асыруға бағытталған негізгі 10 міндетті атап өтті.

Бүгінгі күні заманауи тех­нологиялардың қарқынды дамуына байланысты әлем көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатыр. Негізгі міндеттердің басым бөлі­гінде әртүрлі салаларда заманауи технологияларды пайдалана отырып, цифрландыру арқылы экономикалық және индустриялық дамуды жүзеге асыру айқындалды. Оның ішінде индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс екені аталды.

Қазіргі таңда Қызылорда облысы цифрлық технологияларды медицина, құрылыс, білім беру, қызмет көрсету секілді салаларда кеңінен қолданып келеді. Мәселен:

– автобус паркіндегі GPS трэ­кер арқылы кез келген қа­ла тұрғыны транспорттың аял­дамаға дейінгі қашықтығын ба­қы­лай алады;

– шыны зауыты іске қосыл­ғанда автоматтандырылған өн­­­ді­­ріс процесі арқылы өнім шы­ғарады;

– облыс әкімдігіндегі ситуа­циялық орталық арқылы облыс бойынша барлық мәлімет онлайн түрде тіркеліп, мобильді түрде тиісті жұмыстар жасалып отырады;

– Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік уни­верси­тетінің E-univer білім беру пор­талы арқылы оқу үдерісі автоматтандырылған;

– университеттің IT мамандары жасаған бағдарламалар білім беру мекемелерінде қолданысқа енгізілген. Робототехника бойынша «Ақтөс» роботы Жапония еліндегі роботтар сайысына қатысып, қазылар алқасының назарына ілікті;

–  облыс  әкімдігінің қолдауы­мен ақпараттық технологияларға қызығушылығы бар жергілікті жас­­­тарға арнап «HackDay» кон­кур­сы ұйымдастырылды;

– облыс әкімінің бастамасымен алғашқы аймақтық «Smart City» концепциясы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр;

– облыста ІТ бағыты бойын­ша жұмыстарды жандандыру мақ­сатында өңірлік кеңес құры­лып, жұмыс атқарып келеді;

– аймақтың сол жағалауында ІТ мамандары мен өндіріс орын­дарының жұмыстарын бірік­тіру мақсатында ІТ квартал салынып, оны осы жылдың екінші жартысында іске қосу бағытында жұмыс жасалып жатыр.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік уни­вер­­ситетінің басшылығы ақпа­раттық технологиялардың елі­міздің эко­но­микалық үдері­сінде алатын орнын ескере келе, университеттің үздік түлектерін шетелдік жоғары оқу орындарына университеттің арнаулы қаржысы есебінен мақ­сатты түрде ақпараттық технологиялар бағытында магистратура, аспирантурада маман даярлауды жолға қойды. Осы бағдарлама арқылы мен Мәскеу қаласындағы Ресей халықтар достастығы уни­­­верситетінде робототехника бойынша PhD докторантурада оқыдым. Ғылыми бағытымдағы мәсе­лер мен шешімдер осы Жолдаудың негізгі міндеттеріне ен­ге­нін қуанышпен қабылдадым.

Экономиканың ақпараттық тех­нология арқылы дамуы – әлем­дік жол. Осы жолға қадам басуға арналған Жолдаудың орны ерекше. Әсіресе, негізгі 1-ші міндетті IT саласындағы мамандар шын ниетімізбен қолдаймыз және жүзеге асыруға күш жұмылдырамыз. Жас мамандар жаңа технологияларды жылдам әрі сапалы түрде игеріп, бүкіл әлемде Қазақстанның IT бағытын жоғары көрсеткіштермен таны­туға жұмыс жасауға дайын.

Сәбит ИБАДУЛЛА,

Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың есептеу ­техникасы және ақпараттық жүйелер кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 қаңтар 2018 г. 760 0