Өркениет үдерісінің жаңа талабы

Әлемдегі үдеріс жылдам өзгеріп жатыр. Бұл, сайып келгенде, технологиялық, экономикалық салаларда айрықша көрініс беріп отыр. Осындай жылдам құбылыстарға жауап беру үшін біздің әрқайсысымызға жаңа тұрғыда, барынша жауапкершілікпен еңбек ету қажеттілігі туындайды.
9 қаңтарда Елбасы Қазақстан халқына жариялаған жаңа Жолдауы туралы теледидарда мәлімдеме жасады. Артынша оның толық мазмұны газеттерде жария етілді. Жаңа Жолдау жаңа міндеттер жүктейді. Осыған орай, мен өз салама қатысты мәселелерді атап өткім келеді.
Соңғы жылдары Елбасының тікелей тапсырмасымен табиғи монополия салаларында едәуір өзгерістер орын алып, бұрынғы монополия субъектілерінің қызметі еркін нарық заңына бағындырылуда. Осының барлығы ха¬лық¬қа ауыр тимейтіндей етіп кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқаны қуантады.
Кешегі Жолдауда Мемлекет басшысы энергияның тиімділігі мен оны үнемдеуге айрықша назар аудару қажеттігін айтты. Бұл – уақыт талабы. Сонымен бірге баламалы энергия үлесінің көлемі алдағы уақытта барынша арта беретін болады. Президенттің әрдайым айтып жүргеніндей, алдағы уақытта инфрақұрылымдық нысандар¬ды барынша жаңартылған бас¬қару жүйелерімен жабдықтау керектігі тағы да назарға алынып отыр. Бұл барлығымызға жауапкершілік жүктейді. Комму¬налдық қызметтің ысырабына жол бермеу арқылы оның өзіндік құнын төмендету біздегі табиғи монополистерді ынталандыратыны даусыз. Осы орайда Мемлекет басшысы заңнамаға, оның ішінде табиғи монополиялар саласын реттейтін заңдарға тиісті өзгерістер енгізу қажеттігін айтты. Бұған қосымша әкімдерге осынау ауыр сала – тұрғын үй- коммуналдық инфрақұрылымын жетілдіру мәселесін мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі негізінде шешу қажеттігін міндеттеп отыр.
Қорыта айтқанда, Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Өркениетті елдердің қатарына қосылу үшін біз ең алдымен сол өркениетті қоғамның заңдылығымен өмір сүруіміз қажет.

Нұрлан ПІРІМОВ,
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи
монополияларды реттеу, бәсекелестікті және
тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің облыс бойынша департаментінің басшысы.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 қаңтар 2018 г. 459 0