Қызылорда облысында аймақ тұрғындарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасы әзірленді. «Орда» тұрғын үй құрылысының жол картасы 3 жылға есептелген. Осылайша әлеуметтік қолдауды қажет ететін тұрғындарға пәтер беру басымдыққа ие. Бүгінде облыс бойынша 26 мың адам тұрғын үй кезегіне алынған.
Айта кету керек, былтыр облыс тұрғындарының өз қаржысымен баспана тұрғызу 18 пайызға өскен. Ал осы уақыт бедерінде 165 миллиард теңгенің инвестициясы негізінде 500 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Сонымен қатар Қызылорда қаласында апатты үйлер мәселесі толығымен шешілді. Одан бөлек, жеке тұрғын үй құрылысы үшін 20 мың 600 жер телімінің инженерлік инфрақұрылымы тартылды.
Мұхамедиса Әлсеріков, облыстық құрылыс басқармасының басшысы:
– Облыс көлемінде жылына 2 млрд теңгеден астам қаржы осы жол картасына арнау тапсырылды. «Нұрлы жер» бағдарламасына облыс әкімінің ұсынысына сәйкес, алда соғылған үйлердің өтпей қалған жағдайда, болмаса сатып алу құқымен немесе құрылысын жүргізуге 2 млрд теңге қаржы бөлінеді. Соған біз жаңағы 26 мың кезекте тұрған адамға осы үйлерден 3 жылдық жол картасына сәйкес үйді қамтамасыз етеміз.