РЕЙТИНГКЕ МӘН БЕРІЛЕДІ

РЕЙТИНГКЕ МӘН БЕРІЛЕДІҮкімет ағымдағы жылы Дүниежүзілік банктің Doіnq Busіness рейтінгінің Қазақстанға қатысты көрсеткіштерін едәуір жақсарту шараларын қарайды. Кеше бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі мәлім етті.
Бүгінгі болатын Үкімет отырысында Дүниежүзілік банктің 2014 жылға арналған Doіnq Busіness рейтінгінің Қазақстанға қатысты көрсеткіштерін жақсарту шараларының кешенді жоспарлары туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешов, Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев өз ұсыныстары мен жобаларын ортаға салатын болады.
***
ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Елімізде мамандандырылған демографиялық зерттеулер институты қажет. Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайлов осындай мәлімдеме жасады. 
«Мен жақында Премьер-министрдің атына елімізде мандандырылған демографиялық зерттеулер институтын құрудың мақсаттылығы туралы хат жолдадым. Осыған орай Үкімет басшысынан мүдделі мемлекеттік органдармен аталмыш мәселені қарап, оң шешім туралы тапсырма беруін сұраған едім» дейді агенттік төрағасы. Оның хабарлағанындай, бүгінгі таңда Үкімет басшысы мұндай ұсынысты қарауды Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне, Қаржы министрлігі мен Статистика агенттігіне жүктеген.  
«Біз жұмыс аясында мұндай орталықтың маңыздылығын әрі қарай ілгерілететін боламыз. Жалпы, осындай институт құру біз үшін барынша өзекті», деді Ә.Смайылов.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / БИЛІК 25 ақпан 2014 г. 837 0