ҚАЗАЛЫДА СОТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

Қазалы аудандық соты жаңа ғимаратқа көшті. Бүгін Әйтеке би кентінде жаңа ғимарат салтанатты жағдайда ашылды. Нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, облыстық соттың төрағасы Қамбар Нұрышев, сот жүйесінің ардагерлері қатысты.
Аймақ басшысы өз сөзінде сот жүйесі мен құқық қорғау органдарына жүктелген міндеттердің жүзеге асырылу барысы туралы атап өтіп, сот төрелігін жүргізуде табысты жұмыс тіледі.
2 қабатты ғимаратта 2 сот отырыс залы, 4 қызмет бөлмесі, 1 төраға бөлмесі, 4 судья бөлмесі, 4 сот мәжілісінің хатшылар бөлмесі, заңды жүйелеу бөлмесі, кеңсе меңгерушісінің бөлмесі, мұрағат бөлмелері орналасқан.






НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қаңтар 2018 г. 699 0