Сайлыбаев Бахытжан Әбдіқалықұлы М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің директоры лауазымына тағайындалды.
Б. Сайлыбаев 1955 жылы дүниеге келген. Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын - математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Педагогика ғылымдарының докторы, академиялық профессор.
Еңбек жолын 1976 жылы орта мектеп мұғалімі ретінде бастаған. 1981-1993 жылдары - Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтының оқытушысы, аға оқытушысы, 1993-2011 жылдары - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, оқу-әдістемелік басқармасының бастығы, оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, бірінші проректоры, 2011-2012 жылдары - Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің бірінші проректоры қызметтерін атқарған. 2013-2015 жж. дейін Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының орынбасары.
2015 жskls4 ақпан айынан бастап Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы қызметін атқарған.
Қызылорда облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.