2018 жылы теміржол билеттері қымбаттайды

Инвестициялар және даму министрлігі 2018 жылы бірқатар бағыттар бойынша теміржол билеттерінің бағасын жоспарлы түрде көтеретнін мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Министрлік хабарлағандай, бұл өзгеріс тасымалдаушылардың шығындарының артуымен байланысты және бағыттарды сақтап қалу мақсатында жасалып отыр.

Осылайша, 38 бағыт бойынша билет бағасы 7%-ға, 3 бағыт бойынша 3%-ға өседі. Ал 16 бағыттың билет құнында өзгеріс болмайды.

"Қала маңына жүретін пойыздардың тариф өсімі 37%-ды құрайды. Бұл қала маңындағы пойыздарда жолаушыларды тасымалдаудағы базалық ставкалардың ұлғаюына байланысты. Мысалы, қала маңындағы пойыздардың бұрынғы базалық бағасы 100 шақырымына 324 теңгені құрады. Ал автокөлік жолдарында 3-4 есе жоғары болды. Қала маңындағы тасымал шығынын қысқарту мақсатында базалық ставка 30% —ға артып, бағасы 100 шақырымға 464 теңге болады", — деп жазылған хабарламада.

Министрліктегілердің сөзінше алдағы түзетулер әлеуметтік маңызы бар бағыттардағы жолаушылар тасымалы тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 желтоксан 2017 г. 528 0