«Астана» клубының футболшылары ҚР Президентіне доп сыйлады

«Астана» футбол клубының ойыншылары ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа команданы Еуропа Лигасының 1/16 кезеңіне алып шыққан допты сыйлады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі футбол клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Аталған сыйлықты футболшылар Астанада қайырымдылық мақсатта өткен Жаңа жыл балында тапсырды. «Қазақстан Президенті сыйлықты қабыл алып, «Астана» ойыншыларымен аздаған пас алмасу рәсімін де жасады», - деп жазылған хабарламада. Танымал саясаткерлер, әртістер, КВН-шілермен қатар, жаңажылдық кеште астаналық  клубтың  Абзал Бейсебеков, Асхат Тағыберген, Дмитрий Шомко және Сергей Малый сияқты ойыншылары болды.
Еске сала кетейік, «Астана»  - Қазақстан тарихында Еуропа Лигасының 1/16 финалына шыққан тұңғыш футбол клубы.


НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 желтоксан 2017 г. 522 0