Сырдария өзенінде су деңгейі көтерілді

Су басу қауіпінің алдын алу мақсатында ПМК-29 аумағын бекіту жұмыстары жүргізілуде.
Кеше өзен арнасындағы мұз кептелістері салдарынан су деңгейі көтеріліп, Сырдария өзенінің ескі арнасы толысып, ПМК-29 саяжайының ішкі каналына көп мөлшердегі судың түсуінен тұрғын жайдың ауласына су жайылған.
Жалпы ПМК-29 саяжайы өзен арнасындағы су деңгейі жоғарылау кезеңдерінде су жайылатын аймақ болғандықтан тұрғындарға алдын- ала ескертпе хаттар таратылған.
Саяжайда барлығы 36 тұрақжай бар. Оның ішінде адамдардың қысы-жазы тұрақты тұрып жатқаны - 2 отбасы.
"Осыған байланысты, бекітілген жауапты мекемелердің арнайы техникаларын (6 жүк көлігі, 1 трактор, 1 экскаватор) жұмылдыра отырып, су жайылудың алдын-алу мақсатында топырақпен бекіту жұмыстары жүргізілуде. Саяжайды су басу қауіпі туындаған жағдайда алдын алуға жұмылдырылатын барлық күштер мен құралдар дайын", - деді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Серік Сермағамбетов.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 желтоксан 2017 г. 526 0