Назарбаев әскерилермен кездесті

Мемлекет басшысы Қазақстан Қорғаныс министрлігінің жетекші құрамымен кездесті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу кезінде Президентке елдің қорғаныс қабілетін күшейту және әскердің кәсіби дайындығын көтеру бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 2017 жылы жасаған жұмыстарының қорытындысы туралы есеп берілді.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан армиясы 25 жыл бұрын құрылғанын, содан бері ол елдің территориялық тұтастығы, экономикалық дамуы және мемлекет беделінің артуының кепілі болғанын айтты.

«Биыл біз ұлттық қауіпсіздік стратегиясын, әскери доктринаны, Қарулы күштерді дамыту концепциясын бекіттік. Онда мемлекеттің әскери құрылымын әрі қарай дамытудың бағыттары мен міндеттері айқындалды. Бұл құжаттарды іске асыру нәтижесінде 2020 жылға қарай Қарулы күштердің әскери қуаты әскердің әлеуетін көтеру негізінде бір жарым есеге өсуі тиіс. Арнайы операциялар күші үш есе өсетін болады», - деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің киберәскер командалық пунктіне барды. Онда ақпараттық жүйені кибер қорғаудың заманауи мүмкіндіктерімен танысты.
Кездесу соңында Назарбаев Қарулы күштерді одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 желтоксан 2017 г. 704 0