«Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл!»

«Бүгін аудандық спорт кешенінде аудан әкімінің балаларға арналған «Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл!» атты шыршасы өтті»,- деп хабарлайды Сырдария ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы.

Аудан әкімінің жаңажылдық шыршасына аудан мектептерінен жиналған көпбалалы отбасынан шыққан, түрлі білім бәсекелерінде топ жарған, сабақтарын үздік оқыған оқушылар қатысты.

Мерекелік шарада аудан әкімінің орынбасары Б.Өтегенова құттықтау сөз сөйлеп, балаларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Аудан 2017 жылды табысты қорытындылап отырғанын айтқан Балшекер Сұлтанбекқызы келесі жылы да жүйелі жұмыстар жалғасын таба беретінін жеткізді. Сонымен бірге, аудан әкімінің атынан барлық оқушыларға мерекелік сыйлықтар табыс етті.

Жаңажылдық шырша салтанаты барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Балалар би билеп, әуелете ән шырқады. Аудан өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Концерттік бағдарламадан кейін балалар аудан әкімінің ең тәтті сыйлығы торттан ауыз тиді.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 желтоксан 2017 г. 598 0