ТМД БАСШЫЛАРЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Қазақстан Президенті ТМД елдері басшыларының бейресми саммитіне қатысты.
Кездесуге Әзірбайжан Республи­касының президенті И.Әлиев, Армения Республикасының пре­зиденті С.Саргсян, Беларусь Рес­публикасының президенті А.Лука­шенко, Қырғыз Республикасының президенті С.Жээнбеков, Молдова Республикасының президенті И.До­дон, Ресей Федерациясының пре­зиденті В.Путин, Тәжікстан Рес­публикасының президенті Э.Рахмон және Өзбекстан Республикасының президенті Ш.Мирзиеев қатысты.
Мемлекеттер басшылары жиын барысында Ресей Федерациясының ТМД-ға 2017 жылы төрағалық етуін қорытындылады.
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді ТМД-ға төралығының та­бысты аяқталуымен құттықтап, Ресей Федерациясының Еуразиялық кеңіс­тіктегі интеграцияны дамыту және Достастықтың халықаралық беделін нығайту үшін атқарған жұмысының маңыздылығын атап өтті.
Мемлекет басшысы биылғы қара­шада Минск қаласында өткен Ұжым­дық қауіпсіздік шарт ұйымының сам­митінде өңірлік және халықаралық күн тәртібінің мейлінше өзекті мәселелері қарастырылғанын айтты.
– Бізде келіссөз арқылы шеше ал­маған мәселе жоқ. Бәрімізге егемендік пен өзара құрмет қағидаттарын негізге алып, ары қарай жұмыс істеу қажет, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинге алдағы Ресей Федерациясы президенттігінің сайлауында табыс тілеп, Ресейдің көпұлтты халқы дұрыс шешім қабылдайтынына сенім біл­дірді.
Соңында тараптар түрлі салалар­дағы мемлекетаралық ынтымақ­тастықты одан әрі дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасып, келесі жылы ТМД-ға төрағалық етуіне орай Тә­жікстан Республикасына сәттілік тіледі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 желтоксан 2017 г. 477 0