Ақай ауылында күріштен қытырлақ тағамдар шығаратын цех ашылды

Бұл жоба «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында іске асырылып отыр.
Кәсіпкер бұл мақсатқа 8 миллион теңге көлемінде жеңіл пайызды несие алды. Осылайша жергілікті 5 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жартылай автоматтандырылған құрылғыларда дайындалатын жеңсіл тағамдар бүгінгі брендтік маркалардан кем түспейді. Әзірге оның өнімдері жергілікті елді мекендерде сатылуда. Кәсіпкер алдағы уақытта өндіріс ауқымын кеңейтуді көздеп отыр.
Виктор Павлов, кәсіпкер: – Неге күріштен жасайсыздар деген сұрақ тууы мүмкін. Өйткені Қызылордада күріш өте көп. Әрине дәстүрлі әдіспен жасау жеңіл әрі табысты болар еді. Алайда бұл күрішті терең өңдеудің басы ғана дер едім. Алдағы уақытта күріштен май, сірке қышқылы, мал ызығы секілді түрлі өнімдер өндіру жоспарда бар.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 желтоксан 2017 г. 520 0