Елбасы Қырғызстан Президентімен кездесті

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Қазақстан еш уақытта Қырғызстанға жаманшылық жасаған емес.  Сіз сайланғаннан кейін екінші рет кездесіп отырмыз. Минскіде кездестік, көп мәселе шештік. Енді мінекей менің шақыруыммен, ресми сапармен келіп отырған жолыңыз ақ болсын, құтты болсын! Екі еліміздің достығы мен болашағына жұмыс істейтін болсын!», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті қырғыз делегациясын қуанышпен қарсы алатындығымызды атап өтті.
«Қазақстан көтерілген барлық мәселелерді шешуге әр уақытта дайын. Осы 26 жыл Тәуелсіздік жағдайында жұмыс істеп келе жатырмыз. Мен өз басым, Қазақстан бірде-бір рет Қырғызстанға сөз тигізіп, басқа жағынан жаманшылық жасауға қадам жасаған жоқпыз. Ол дұрыс. Себебі біз келеміз, кетеміз. Екі ел көрші қалады. Бізден бұрын да болған. Әйтпесе ата-бабамыз қайда? Әр буынның  мойнында тұрған жүк - сол жақсы қарым-қатынасты келесі ұрпаққа тапсыру. Сондықтан қош келдіңіз, қуаныштымын. Бүкіл халық болып сізді сайлады, сенім білдірді. Құтты болсын!», - деді Мемлекет басшысы.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 желтоксан 2017 г. 523 0