Ел есінде өз ісіңмен қалу керек - Елбасы ескерткіш орнату туралы

Қазақстан Президенті өзіне ескерткіш орнату туралы ұсыныстарға қалай қарайтынын айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
«Жуырда маған біреу хат жазды. Ол хатта «Астананы тұрғызған Назарбаевқа тас мүсіндердің керегі жоқ» деп жазыпты. Мен оның сөзімен толық келісемін. Бұның барлығы бос әурешілік. Мен бұған дейін де Римнің бір Ұлы императорының сөзін келтіріп, бір досымды ренжітіп алған едім (күлді -  автор). Ол Рим империясының аумағын кеңейтіп, жаңа жерлерді жаулап алған Марк Аврелий еді. Оған бәрі де: «Неліктен сенің ескерткішің жоқ» депті. Сонда ол «Менің ескерткішімді көрген адамдар бұл кімнің ескерткіші деп сұрағанын қаламаймын. Ол мықты адам еді, неліктен оған ескерткіш орнатылмаған?» деп айтқанын жөн көремін» деген екен. Осы сөзі маған өте ұнайды. Мен бұл сөзді әрқашан жадымда ұстаймын», - дейді Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі жетекші БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Мемлекет басшысы осы себепті өзіне ескерткіш орнату туралы бастамаларға әрдайым қарсы шығып отыратынын айтады.
«Мен тек университетке қатысты рұқсат бердім. Ол оқу орнын еліміз де, Үкімет те бәрі де қолдаса екен деген тілегім еді. Бізде ондай оқу орны бұрын болмаған. Бұл - ең ілгері қадам басып келе жатқан, барлық университеттерге үлгі бола алатын оқу орны. Қалғанының барлығы жергілікті биліктің шешімі (...) Әлбетте, өзімнің жарлығыммен бұның бәріне шектеу қоюыма болады. Барлық қазақстандықтарға мынаны айтқым келеді: олай етудің керегі жоқ. Тарихта өз ісіңмен ел есінде қалу керек. Мен де соған тырысамын. Ал уақыт өте келе ескерткіштермен не болатынын біз тарихтан білеміз», - дейді Нұрсұлтан Назарбаев.
Еске сала кетейік, аталмыш сұхбаттың телевизиялық нұсқасы 25 желтоқсанда республикалық телеарналардың эфирінен көрсетіледі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 желтоксан 2017 г. 532 0