Елбасы қандастарға қарайласуға үндеді

Отандық бұқаралық ақпарат құралдарына сұxбат берген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қалталы азаматтарды шетелден келіп жатқан қандастарға көмек беруге үндеді.
«Қандастарын еліне шақырып жатқан дүниеде үш-ақ мемлекет бар. Соның біреуі - Қазақстан. Бастапқы кездерде біз әдейі сол елдерге барып, жағдайларын сұрап, бірінші Құрылтайды өткіздік. Ұлы көшті бастадық. Содан бері бір миллион қандасымыз келді. Олардан өсіп жатқан ұрпақтар одан да көп. Ұлы көш тоқтаған жоқ. Ешқашан да тоқтатпаймыз, ешкімге қарсылығымыз жоқ. Келем дегендерге есік ашық», - деді Президент.
Шетелде әлі де 4 млн-нан астам қандастарымыз бар екенін айтқан Мемлекет басшысы оларды жылы көңілмен қабылдауымыз керектігін де айтып өтті.
«Ол жақта жағдайлары жақсы, қиыншылық көрмесе, тұра берсін. Келем дегендерге кел дейміз. Біздің қалталы азаматтарға айтарым, қандастырымызды қабылдауға жақын болуымыз қажет. Қазір арнайы қор құрылды. Сол қорға қол ұшын беруіміз керек. Жұмысқа орналасуға, баспана салуға, аз да болса, көмек беруіміз керек. Квотаны көбейтіп жатырмыз. Сондықтан журналистер де осы мәселені айтып отырса, қиыншылық болса, бәріміз көмектесіп отырсақ, барлық қандастарымызға жақсылық жасағанымыз болып саналады», - деп атап көрсетті Елбасы.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 желтоксан 2017 г. 518 0