МҰСТАФА ШОҚАЙ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТІ ФИЛЬМНІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Шиелі ауданында халқының азаттығы үшін аянбай күрескен Мұстафа Шоқай туралы түсірілген «Ардағы еді түркінің» атты деректі кинофильмнің тұсауы кесілді.
Шиелі ауданында өткен осы рәсімга аудан, мекеме басшылары мен ардагер ақсақалдар және көптеген тұрғындар қатысып, мәні мен маңызы зор деректі фиьмді тамашалады. Аталмыш құнды дүниені «Түркі әлемі» халықаралық киностудиясы түсірген. Оның президенті, бірнеше халықаралық сыйлықтардың иегері, жазушы, журналист Доқтырхан Тұрлыбек өз лебізін былай білдірді: – Азаттықтың жаршысы, күрескер Мұстафа Шоқай туралы фильм түсру идеясы маған осыдан бірнеше жыл бұрын келген еді. Ал соңғы үш жыл көлемінде нақтылай жұмыс істедім. Ардақтымыздың жүрген жерлері Берлин қаласы мен Парижге арнайы барсам, Санкт-Петрбургке бірнеше рет сапар шектім. Сондай-ақ, өткен жылдан бері Мұстафа Шоқайдың туған өлкесі Сыр өңірінде болып, оның туған жері Наршоқы қыстауынан да көріністер алдым. Туыстарының сөздерін жаздым, тың мәліметтер жинадым. Тарихшы ғалым М. Қойгелдінің пікірі де бар. Осы рухани мәні мол шараға қолдау білдірген Шиелі ауданының басшылары Қ. Сәрсенбаев, Ә. Оразбекұлына, басқа да тілектес болған жерлестеріне ризашылығым шексіз. Өйткенің, бұл алаш ардақтысының, түркі әлемінің көрнекті өкіліне білдірілген құрмет болуымен қатар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты еңбегінен қуат алған дүние.
Иә, халқымызға тарихтың тың дерегін тарту еткен аталмыш деректі фильм отандастарымыздың ынтымағын артырып, бірлесе тіршілік етуіне үндейтін толымды шығарма осылай көпшілікке жол тартты.

Н. Назымханұлы,
Шиелі ауданы.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 желтоксан 2017 г. 561 0