« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Күні кеше киелі Түркістан жерінде халықаралық поэзия фестивалі өтті. Оған түркітілдес мемлекеттерден «менмін» деген небір мықтылар қатысты. Сыр елінде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған рухани жаңғырудың бастауындай болған бүгінгі шара соның жалғасы іспетті. Мұны біз – қаламгерлер қауымы зор ықыласпен, ерекше ризашылықпен қабылдадық. Осы орайда өз өлеңімнен бір үзінді келтіргенді жөн көрдім.
– Ұлтым қайғы кешкенде, жұртым қайғы,
Сарыуайым сағаты сыртылдайды.
Ақындары алақан жайған елдің,
Қатындары қол бастар ұл тумайды! – деп жазыппын.
Расында, ақынын ардақтаған ел азбайды. Жырдың елі – Сырдың бойында қолға алынған игі бастама аймақ басшылығының, ел азаматтарының қаламгерлерге қолдауының, құрметінің бір көрінісі болса керек. Сіздер республикаға белгілі айтыскер ақын, жыршы-термеші Бекұзақ Тәңірбергеновтің «Аралдың табанынан су кеткенмен, Халқының жүрегінен жыр кеткен жоқ» деген сөзін тағы бір дәлелдей түстіңіздер.
Біз – қырғыз және қазақ ақындары осынау игі шараға келіп, өлеңдерімізді оқып, өзара ынтымақтастықты жаңа қырынан көрсете алғанымыз үшін қуаныштымыз. Ертең бұл тарихқа айналады. Осы арқылы Қызылорда облысы өзін өлең өлкесі, поэзия орталығы ретінде тағы бір рет дәлелдеп отыр. Алдағы уақытта Сыр елінде ақындар өлеңге құмар оқырманымен жиі-жиі жүздесіп тұрса, бұл біз үшін абырой болар еді.
Ғалым Жайлыбай,
халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты,
Қазақстан Жазушылар одағы
басқармасы төрағасының бірінші орынбасары.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |