ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙЛАНЫС БЕКИ ТҮСТІ

Қазақ еліне, Сыр жұртшылығына қырғыз халқының ыстық сәлемін ала келдік. «Қазақ-қырғыз бір туған» деген тәуір бір сөз бар. Бұл екі ел егіздер секілді. Бір-бірінен бөліп қарауға келмейді. 

Ауылы аралас, қойы қоралас жатыр. Одан бөлек, әлімсақтан ақын-жазушыларының арасында тығыз шығармашылық байланыс орнаған. Әрісі айтыскер ақындар Тоқтағұл мен Жамбылдың, берісі ақын-жазушылар Шыңғыс Айтматов пен Мұхтар Шахановтың мызғымас достығы, шығармашылық серіктестігі сөзіме дәлел бола алады. Сіздерге Алатаудың арғы жағынан бізді арнайылап шақырып, қонақ қылғандарыңыз үшін, өзара байланысты жандандыруға ықпал еткендеріңіз үшін алғыс білдіремін.

Қарбалас БАКИРОВ,

Қырғызстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, 

Қырғызстан Жазушылар одағының мүшесі.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 желтоксан 2017 г. 749 0