« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Елімізде негізінен ақындар айтысы жиі ұйымдастырылып тұрады. Соның себебінен болар, жазба ақындар көп жағдайда көлеңкеде қалып келді. Бүгінгі игі шара осы олқылықтың орнын толтырары сөзсіз. Аймақтар арасында поэзия кешін Қызылорда облысы бірінші болып ұйымдастырып отыр. Қазақстанның әр түкпірінен, оған қоса Қырғызстаннан ақындар келіп, өз туындыларын көпшілік назарына ұсынуға мүмкіндік алды. Бұл санамызға әбден сіңіп қалған «Сыр елі – жыр елі» деген тіркестің маңызын және бір айшықтай түсті деп есептеймін. Бұл бастама басқа облыстарға үлгі болуы тиіс.
Бүгін біз Қызылорда қаласының көрнекті орындарын аралап көрдік, құрылыс қарқынымен таныстық. Осылайша аймақтың экономикасы да, рухнияты мен мәдениеті де жаңа белеске көтерілгенін байқадық. Сыр жұртшылығының поэзияға құштарлығы, ниеті, құрметі кез келген ақынды қанаттандырып, керемет әсерге бөлейді.
Ертай АШЫҚБАЕВ,
халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |