«БАЙҚОҢЫР» КЕШЕНІН ДАМЫТУ ЖАЙЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Мәскеуде «Байқоңыр» кешенін дамыту жөніндегі Қазақстан – Ресей Үкіметаралық комиссиясының тең төрағалары Қазақстан Премьер-министрінің Бірінші орынбасары Асқар Мамин мен Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозиннің кездесуі өткізілді.
Кездесу барысында екі жақты қарым-қатынастың өзекті жайлары мен «Бай­қоңыр» кешенін ары қарай дамыту болашағы туралы пікір алмасты.
Отырыста «Бәйтерек» жобасын жүзеге асыру, «Байқоңыр» қаласын дамытудың ұзақмерзімдік бағдарламасы, «Байқоңыр» кешенін ары қарай дамы­тудың бірлескен жобасына қол қоюдың тұжырымдамасын дайындау, «Бай­қо­ңыр» ғарыш кешенінің экологиялық қауіп­сіздігін қамтамасыз етудің Бірлес­кен бағдарламасын қаржы­лан­дыру, кешен әуежайында ұшу қозға­лысын ұйым­дастыру жайлары қаралды.
Кездесуде «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құру жобасын жүзеге асыру жайы жан-жақты талқыланды.
Кездесу соңында А.Мамин мен Д.Ро­гозин тиісті хаттамаға қол қойды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 желтоксан 2017 г. 497 0