« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қорқыт ата атындағы ҚМУ Студенттер сарайында HackDay байқауы өтті. Оған бағдарлама әзірлеушілер, жарнама саласының мамандары, дизайнерлер, блоггерлер мен журналистер, студенттер мен жоғары сынып оқушылары қатысты.
Онда кез келген адамға шығармашылық идеясын жүзеге асыруға, өз білімімен бөліскісі келген мамандардың мастер-класын тыңдауға мүмкіндік берілді. Шара үш секция бойынша өткізілді. Олар – ІТ, Контент және медиа, Кино мен видео. Байқау шарттарына сәйкес қатысушы команда мүшелері 3 минут ішінде жоба прототиптерін таныстырып, сұрақтарға жауап беруі тиіс. Аталған үш секция бойынша 412 қатысушы 137 жоба идеясын ұсынды.
Жалпы, шараның форматы «Yahoo!» компаниясымен құрылған. Әлем бойынша 2005 жылдан бастап өткізіліп келеді. Ал, Қазақстанда 2011 жылдан бастап ұйымдастырылып отыр. Шараны негізінен ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Халықаралық ІТ университеті өткізеді. HackDay-дың жаһандық мақсаты – стандарттарды дамыту.
Екі күнге жалғасқан шара жаңа идеядан прототипке дейін болды. Бұл үлкен мүмкіншілік. Облыс әкімдігінің қолдауымен Қызылордада алғаш рет ұйымдастырылды. Шарада Марияш Тайкенова бастаған команда осы жобаның тиімділігі мен пайдасы туралы кеңінен айтып берді.
Жастар ең қызықты жобаны құру, жаңа тәжірибені көрсету арқылы шығармашылық ортада топпен жұмыс жасайды. Бастысы, HackDay жас кәсіпкерлерге қысқа мерзімде жобаны іске асыруға және оның идеясын ұзақ уақытқа жеткізуге көмектеседі. Нәтижесінде нарықта пайда болған жобалардың көпшілігі тұрақты бизнеске айналады.
***
«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және жобалық менеджмент жүйесін енгізу аясында облыс әкімдігі мен ҚР Білім және ғылым министрлігі HackDay байқауын ұйымдастырды. Екі күнге созылған байқауда қатысушылар инновациялық жобалар бойынша тың идеяларын таныстырды.
Аймақтар арасынан тұңғыш рет Сыр елінде өткен байқауға 412 қатысушы 3 номинация бойынша 137 идеялық жобаларын ұсынды. Атап айтсақ, «Ақпараттық технологиялар» (логикалық ойын қосымшалары, сервистік мобильді қосымшалар), «Контент және медиа», «Кино және видео» (мультипликациялық 2D, 3D жобалар, жарнама роликтері және т.б.).
Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, HackDay байқауының басты міндеті – топпен жұмыс істеп, 24 сағат ішінде жоба идеясынан прототип жасақтау. ІТ шараға интернет-жоба идеясы бар талапкерлер қатысты. 13 пен 45 жас арасындағы қатысушылар креативті жағдайда нақты жобалар бойынша жұмыс істеуге дайын болды. Нәтижесінде сан салалы мамандық иелерінен құралған топ пайда болып, олардан IT саласында қызықты жоба идеялары бар тұлғалар қоғамдастығын құра алатын жоба жасақталды.
Бұл жоба облыс әкімін қатты қызықтырды. Байқау мәресінде Қырымбек Көшербаев жеңімпаздарды құттықтап, Клаус М.Швабтың «Четвертая промышленная революция» атты кітабын оқуға кеңес берді.
– Біздің жастар өте талантты, сондықтан оларды қолдау керек. Өздеріңіз білетіндей, біз Сырдарияның сол жағалауында жаңа қала салудамыз. Ол жерде жастардың ІТ паркі орналасатын болады. Жыл сайын 20 азаматты жұмысқа қабылдап, оларды жоғары жалақымен, тұрғын үймен қамтамасыз етеміз. Жуырда ғана Татарстан Республикасының Президенті Р.Миннихановтың облысқа сапары кезінде Татарстанның ІТ мамандарымен біздің жастарды оқыту туралы келісімге келдік. Өйткені Ресейдің үздік ІТ мамандары Татарстанда орналасқан. Сонымен қатар, Мәскеу мемлекеттік университеті «Кибер қауіпсіздік», «Процестерді математикалық модельдеу» мамандықтары бойынша жыл сайын 20 қызылордалық студентке магистратурада оқу үшін гранттар бөлінетін болды. Мұнан бөлек, біз «Майкрософт» компаниясымен Қызылорда қаласында филиалын ашу туралы келістік. Осылайша, біз, Қызылорданы ақпараттық технологиялардың эпицентріне айналдырғымыз келеді, – деді облыс әкімі.
Жеңімпаздар ашық дауыс беру арқылы анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Номинациялар бойынша «Контент және медиа» секциясында дұрыс тамақтану тақырыбындағы сайт (3 орын), қалалық қоғамдық орындарының 3D-үлгілері (2 орын) және мәліметтерді 3D-форматында ұсыну жобалары үздік деп танылды. Ал, «Ақпараттық технологиялар» бойынша тұрғын үйлерде құбырдан газдың ағып кетуін анықтайтын құрал (3 орын), «Ақылды аурухана» (2 орын) және «Ақылды аялдама» (1 орын) қосымшалары жүлделі орын алды.
«Кино және видео» жүлдесі бойынша үшінші орынды «Қызылорда да мегаполистен де артық» бейнеролигі, екінші, жастар мен жасөспірімдерінің өзін-өзі бағалау мәселелері бойынша бейнеролик алса, бірінші орынға «Өмірде өз орнын табу және оған өзгелердің пікірінің әсер етуі» туралы фильм орналасты. Одан бөлек, әділ қазылар алқасы, ең жас қатысушы – 13 жастағы Бейбіт Бекзатты және қызылордалық еріктілердің «атаулы көмек көрсету жобасын» ынталандыру жүлделерімен марапаттады.
Сара АДАЙБАЕВА.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |