« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Сейсенбіде облыс әкімдігінің ситуациялық орталығында «Аймақты цифрландыру: Қызылорда – ақылды қала» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким қатысып, жиналысты жүргізіп отырды.
Жиынға, сонымен қатар, ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Майраш Тайкенова, «Ақпараттық технологиялар халықаралық университеті» АҚ-ның маркетинг және PR департаменті директоры Шыңғыс Қарабаев, «Хуавей – Текнолоджиз Қазақстан» ЖШС бас директоры Мэнг Чингбо, «Хуавей – Текнолоджиз Қазақстан» ЖШС өнімдер жөніндегі менеджері Сергей Шатохин және тағы басқа қонақтар қатысты.
Басқосуда аймақты цифрландырудың маңызы мен қолға алынған шаралар жөнінде кеңінен айтылды және алда атқарылуға тиіс жұмыс жоспарлары таныстырылды. Облыс әкімі аппарат басшысының орынбасары Индира Ақжігітованың «Элекронды үкіметтің дамуы және Қызылорда облысын цифрландыру» туралы хабарламасы тыңдалса, «Хуавей – Текнолоджиз Қазақстан» ЖШС бас директоры Мәнг Чингбо аймақты цифрландыру жобасына қатысуға, әріптестік байланыс орнатуға дайын екенін айтты. Сондай-ақ, дөңгелек үстел отырысында аталған компанияның өнім жөніндегі менеджері Сергей Шатохин «Хуавей» компаниясының мүмкіндіктері, ақылды қала жобасын жүзеге асырудағы өздерінің концепциясымен таныстырды.
Барлыбек БАТЫР.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |