Zar Zaman Германияда жарық көрді

Bauyrzhan Omaruly.  Zar Zaman (Time of Lament) Flow in the Kazakh and Kyrgyz Literature: Monograph (Genesis, Typology, Poetics) Paperback – October 2, 2017

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Омарұлының «Zar Zaman (Time of Lament) Flow in the Kazakh and Kyrgyz Literature: Monograph (Genesis, Typology, Poetics)»  («Қазақ және қырғыз әдебиеттеріндегі зар заман ағымы» (генезис, типология, поэтика)» атты кітабы Германияда ағылшын тілінде басылып шықты. Оның еңбектері бұрын Ұлыбритания, Жапония, Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа елдердің ғылыми басылымдарында жарияланған болатын.

Автор бұл зерттеуінде қазақ және қырғыз әдебиеттеріндегі зар заман құбылысын салыстыра қарастырады. Екі ел ақындарының таным-түсінігіндегі, болжам-байыптамаларындағы, өлең өрімдеріндегі өзара ұқсастықтары мен өзіндік ерекшеліктеріне талдау жасайды. Қазақ әдебиетіндегі зар заман ақындары Дулат Бабатайұлы,  Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Кердері Әбубәкір, Албан Асан шығармалары мен қырғыз әдебиетіндегі заманчы ырчылар Қалығұл Байұлы, Арыстанбек Бұйлашұлы, Молда Қылыш, Молла Нияз, Алдаш Жәнікеұлының өлең-толғауларындағы сабақтастықты зерттеу нысанасына айналдырған. Бұл монография қазақ және қырғыз әдебиетттерінде кеңінен орын алған осы құбылысқа шетелдік әдебиеттанушылардың назарын аудару мақсатын көздейді. Зар заман әдеби ағымының бастау көздері, даму арналары көрсетіліп, нақты баға берілген. Кітапта жаңа деректер, қызықты мәліметтер баршылық.

172 беттен тұратын монографияны ағылшын тілінде басып шығарған – Германияның Саарбрюккен қаласындағы «LAP LAMBERT Academic Publishing» баспасы. Бұл кітап баршаға белгілі «Amazon.com» халықаралық интернет дүкені арқылы оқырманға ұсынылды.

Әнуарбек ӘУЕЛБЕК.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 желтоксан 2017 г. 748 0