ЫРЫСЫ МОЛ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Тәуелсіздіктің бұл жылын біздер, уақыт сынына жауап бере алатын, өзіндік даму жолын қалыптастырған мемлекет ретінде аяқтап келеміз.
Қазақстан бүгінде бүкіл әлемге этносаралық татулық пен қоғамдық келісімнің өзіндік, ерекше моделін жасақтаған мемлекет ретінде танылып отыр.
Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің құрылған кезінен бастап орасан зор біріктірушілік және зияткерлік әлеует жинақтап, халықтық дипломатия институты үлгісіне айналды. Еліміздегі 130-дан астам этностың басын біріктіретін бірегей құрылым тұрақтылықты сақтап, мемлекетіміздің ілгері дамуы үшін маңызды рөл атқарып келеді.
Өркениетті экономика, өркенді саяси-рухани құрылым және дамыған инфрақұрылым қалыптастыру үшін қазір ең керегі – ұлттық ынтымақтастық пен бірлік. Осы орайда Қазақстан халқы Ассамблеясы ынтымақтың арқасында ғана жетістіктерге жетуге болатынын көрсетіп келеді. Болашақта да барлық этномәдени орталықтармен байланыс артып, халықтар достығын нығайту жолындағы жұмыстар өз жалғасын тауып, кеңейе беретініне сенеміз. Біз қашан да туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, ел игілігі жолында адал қызмет етуге тиістіміз. Өйткені, Елбасы ұстанған сара жол бізді баянды болашаққа жетелейді.
Қазір Қазақстан халқы Ассамблеясының ел ішінде этносаралық достықты нығайтумен ғана шектелмей, әр этностың мәдениеті мен тілін, дәстүрі мен дінін сақтауға да үлкен үлес қосып келеді. Елбасының толеранттылық ұстанымына сәйкес қазақ жерін мекен еткен өзге ұлттар жергілікті халықтың тарихын, мәдениетін жетік біліп қана қоймай, мемлекеттік тілді меңгеруге деген талпынысы ұдайы қолдау табуда. Өйткені қазақ халқының дархан көңілі мен кеңпейілдігі барша ұлысты бір шаңырақтың астына ұйыстыруға себеп болып отыр. Бірлігіміз бен достығымыз, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

Юрий КИМ,
Корей этномәдени бірлестігі
жетекшісінің орынбасары.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 желтоксан 2017 г. 555 0