ҚАЗАҚСТАН – ТАТУЛЫҚ МЕКЕНІ

Әр азаматтың жүрегінде ертеңгі күнге сенімді берік орнатқан Ел Тәуелсіздігі – халқымыз үшін ең қастерлі де, ең басты елдік ұғым.
Тәуелсіздігіміздің 26-шы жылында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы арқылы жаңа кезеңге аяқ бастық. Ел Президентінің бұл мақаласы – Мәңгілік еліміздің мақсат-мұратын жүзеге асырудың түп негіздерін, рухани жаңғыруымыздың бағыттарын айқындап берген ұлт руханиятының тұғырнамасы деуге болады.
Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Ұлт көшбасшысының бастамасымен бүгінге дейін елімізде осы жылдар ішінде қыруар істер атқарылды. Ел экономикасы да жылдан-жылға нығайып, мәдени, рухани даму деңгейі белеске көтерілуде. Жылдан-жылға еліміздегі халықтың саны көбейіп келеді. Біз әрдайым тату, ынтымақшыл ұлт болғанымызға мақтанамыз. Әрине, бұл жетістікке татулықты ту еткен қазақ халқының кеңдігінің арқасында қол жеткізіп отырмыз.
Қазақстан халқы ассамблеясының ХХ сессиясында ҚР Президентінің Жарлығымен «Бірлік» алтын медалімен марапатталдым. Мен өте қуаныштымын. Көптен күткен қуанышты сәт. Біз де өз кезегімізде Қазақстан мемлекетіне адал қызмет етіп, туған Отанымыздың өсіп-өркендеуіне бар күш-қайратымызды жұмсаймыз деп нық сеніммен айта аламыз.
Тәуелсіздік – қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да қазақ халқы мен Қазақстанды мекен еткен барлық өзге ұлт өкілдері үшін ең қастерлі күн – Тәуелсіздік күнімен баршаңызды құттықтаймын!

Людмила ЛИ,
«Lev Ami» еврей этномәдени
бірлестігінің жетекшісі.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 желтоксан 2017 г. 554 0