Біздің еліміз өз тәуелсіздігінің жиырма алты жылы ішінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен аз ғана уақыт аралығында әлемдік экономика мен саясатта өзінің айтулы орны бар қуатты, беделді де белді мемлекеттердің біріне айналды.Тәуелсіз Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалдағы өсу мен өркендеудің, табысты экономикалық даму қарқынына қол жеткізді. Қазіргі уақытта Қазақстан жаһандық түрлі байланыстарға қосылған өзінің ұлттық экономикасы бар және ұлттардың әлемдік отбасының толыққанды қатысушысына айналған мемлекет ретінде танылып отыр.
Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» еңбегінде әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерді иемденіп, болашақта ұлттың табысты болуының негізгі қағидаттарын алға тартты. Қазақстандықтардың бәсекелік қабілеттерін арттыру мақсатында Елбасы компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты алға тартып отырған факторлары біздің қоғамның берік ұcтанымына айналды. Осы орайда барлық қазақстандықтармен бірге Сыр өңірінің халқы да Елбасының қойып отырған міндеттерін жүзеге асыруда белсенділік танытып, жаһандық дағдарыс жағдайында өңірді одан әрі өркендетудің бағдарламаларын орындауға ұйымшылдықпен жұмылып келеді.
Барлық қызылордалықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын. Табысқа жету үшін елдің бірлігі мен ынтымағын сақтап, ортақ мүдде жолындағы күш-жігерімізді жұмылдыра отырып, ел тәуелсіздігін одан әрі нығайта берейік. Әр шаңырақтың ырысты да ынтымақшыл, бақытты да дәулетті болуын тілеймін.
Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ,
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.