ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

 Құрметті қызылордалықтар!

Сіздерді Қазақстан Республи­касы­ның Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұлт көшбасшысы – Елбасы басқарған Тәуелсіздік жылдарында елдің бірлігі мен ынтымағы жарасып, еліміз үлкен жеңістерге жетті.  
Бүкіл елмен бірге тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі үшін Сыр өңірінің тұрғындары да үлкен үлес қосты.
Биыл да сырбойылықтар күріштен рекордтық өнім жинады, облыстағы мектеп бітірушілердің 97 пайызы жоғары және орта арнаулы оқу орындарына түсті, ал спортшылар жаңа биіктерді бағындырды.
Бүгінде Қызылорда облысы өңдеу өнеркәсібін,  әлеуметтік саланы дамытуда және тұрғын үй құрылысы бойынша үздіктер қатарында екенін мақтанышпен айта аламыз. Әрине, мұндай жетістікке жетуімізге Сіздер де өз үлестеріңізді қостыңыздар.  
Қадірлі жерлестер!
Сіздерге зор денсаулық, қыз­меттеріңізге табыс, отбас­тарыңызға бақыт тілеймін.
Алдағы уақытта да Тәуелсіз Қазақстан бірлік пен ынтымақтың символы болсын.

Шын жүректен,
Қызылорда облысының әкімі                                    Қ.КӨШЕРБАЕВ.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 желтоксан 2017 г. 509 0