Елбасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін: жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін:
Есімов Ахметжан Смағұлұлы - «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы;
Қуатов Руслан Тұржанұлы - «Теңізшевройл» ЖШС менеджері, Атырау облысы;
Үшкемпіров Жақсылық - «Жақсылық» ШҚ басшысы, Алматы облысының Жамбыл ауданы.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда 2017 жылғы 5 желтоқсан.