Мал бордақылау және сою бекеті жұмысын бастады

«Туған жерге тағзым» форумы аясында телекөпір арқылы облыстағы бірқатар жаңа кәсіпорындар іске қосылды. Солардың бірі, Қызылорда қаласындағы 1000 бас ірі қара малға арналған «Саламат - Агро» ЖШС-нің мал бордақылау және сою бекеті жұмысын бастады.
Қазірде бордақылау алаңында қазақтың ақбас сиыры, герефорд, голштин тұқымды сиырлары бордақылануда.
Бордақылау алаңына алғашқыда 6-8 айлық 500 ірі қара мал келіп түседі. Бордақылау мерзімі 100 күнге дейін созылады. Мал сою кешеніндегі 1 бас малдың тірілей салмағы 400-420 кг болады.
Өндіріс технологиясы «бос-толық» жүйесі негізінде ірі қара малды байламай ұстауды қарастырады. Алаңға келіп түскен мал 7 күн карантинде болып, 6-7 айлық бұқашықтар тәулігіне кемінде 0,75-0,8 кг салмақ қосып, 10-12 айға дейін өсіріледі. 10-12 айлық жас мал 16-18 айға дейін тәулігіне 1 келіге жуық ет алып интенсивті бордақылауға көшеді.
Айта кетсек, мал сою бекеті HALAL сертификатын алған.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 желтоксан 2017 г. 715 0