« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Туған жер туған үйіңнен, туған үйіңнің табалдырығынан басталады. Мен үшін ол қара құм, қара жел, жыңғыл, тораңғыл, ұғымдарымен сабақтасып жатыр. Бұл дүниеде жыңғылды, жантақты ешбір роза гүліне де, басқаға да теңестірмес едім. Ешкі-лақ роза гүлді жемейді. Ал жантақты жейді. Өйткені оның нәрі бар. Менің бойымда қандай да бір артықшылық болса, осы күнге дейін қандай нәтижеге қол жеткізсем, соның бәрі туған жерімнен тамыр тартады.
Бейнекамера мен теледидар шығаратын «Sony» корпорациясының президентінен: «Осынша білімді болуыңыздың құпиясы неде?» деп сұрапты журналист. Сонда Исикава: «Адамның алатын ақпаратын 100 пайыз деп алсақ, оның 75 пайызы – 12 жасқа дейін, 15 пайызы – 6 жасқа дейін, қалған 5 пайызы 4 жасқа дейін кіреді, қалған уақытта бәрібір кірмейді» деп жауап берген екен. Менің ақыл-ойымның 99 пайызы осы Сыр өңірінде өткізген 12 жыл ішінде қалыптасқан болуы керек.
Туған жерге келіп, тағзым ету, елдің алдында басымды ию – мен үшін үлкен мәртебе, зор бақыт. Алдағы Тәуелсіздік күнімен, келер жылы аталып өтетін Астананың 20 жылдығы, Қызылорда қаласының 200 жылдығы мерекелерімен жерлестерімді шын жүректен құттықтаймын. Аймақ халқы табысқа кенеліп, Сыр елі қарыштай берсін деп тілек білдіргім келеді.
Асқар ЖҰМАДІЛДАЕВ,
ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор,
ҚР ҰҒА академигі.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |