ӨЗГЕГЕ ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ

«Туған жерге тағзым» форумы өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Дәстүрлі форумға 2014 жылдан бері қатысып келемін. Бұл өзге өңірлерге үлгі боларлық.

Осы жолғы өзіме қатысты ерекшелігі, аудандарды аралап, қаржысыз бизнес бастау, жетістікке жету жолдары туралы тегін шеберлік дәрістерін ұйымдастырдық. Бір-екі күнде Қызылорда қаласында да өткіземіз. Сыр өңірінен шыққан азаматтардың туған жердің дамуына қаржылай болсын, еңбегімен болсын, интеллектуалды түрде болсын, үлес қосып жүргені қуантады. Игі шара алдағы уақытта да жалғасын табады деп ойлаймын.

Өзім жетекшілік ететін «Alash Pride» академиясының Қызылорда қаласында филиалы бар. Сонымен қатар жақында ҚР Мейбукан Годзю-Рю Карате-до федерациясының өкілдігі ашылды. Спорттық мекемелерде талантты, спортқа икемі бар жастар жаттығып жүр. Жақында өткен Қазақстан чемпионатында Қызылорда облысының бірқатар спортшысы жүлделі орындардан көрінді. Сыр бойында спортшылар дайындауға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға осылайша азды-көпті үлес қосып келе жатқан жайымыз бар.

Нұраддин САДЫҚОВ, 

«Alash Pride» кәсіби жекпе-жек академиясының бас директоры, 

ҚР Мейбукан Годзю-Рю Карате-до федерациясының атқарушы директоры. 

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 желтоксан 2017 г. 647 0