Тәуелсіздік – Қазақстанның мақтанышы мен тұрақтылығының символы

Барлық топтардың, кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілердің, жағдайларын жақсарту, еңбек, экономикалық және инновациялық даму – бұл қазақстандықтардың игілігі үшін бүгінгі мемлекет атқарып отырған барлық спектр ғана емес. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізген саясаты қоғамда келісім мен тұрақтылықты, экономикалық даму және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруды нығайтуға ықпал етеді.
Бүгін біз республикамыздың 26-жылдығын атап өтеміз. Егемендік алған жылдары Қазақстан үлкен табыстарға қол жеткізді. Тәуелсіздік – баға жетпес байлық, біздің көпұлтты елдің мақтаныш символы. Тәуелсіздік – бұл бейбітшілік пен тұрақтылықтың, адам мүдделерін қорғаудың символының кепілі.
Қызылорда облысы ТЖД бойынша "Қазақстан-2050" стратегиясын, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауын насихаттау және жүзеге асыру жұмысы жүргізілуде. Басқармалар, бөлімдер және ТЖД құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына дәрістер оқылуда, олар өз кезегінде өз ұжымдарында мұндай іс-шараларды өткізуде. "Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы" ММ қала тұрғындары үшін "Ашық есік күнін" ұйымдастыруда. Іс-шара кезінде құтқарушылар қатысушыларға Елбасының Жолдауын насихаттау барысында жұмыс істеу әдістері мен принциптерін көрсетті. Осындай іс-шара «Апаттар медицинасы орталығы" ММ филиалында да өткізілді. Қазақстан халқының тілдері күнін атап өту аясында Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-де «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты сайыс ұйымдастырылды.
Жолдауда қойылған барлық міндеттерді орындау әрбір қазақстандықтың өмірін елеулі жақсартуға мүмкіндік береді.
Ведомство қызметкерлері Елбасы Жолдауының тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тармағын орындау үшін бар күш-жігерін салады. Биылғы жылы 11 кешенді оқу-жаттығу, 49 командалық-штабтық оқу-жаттығу, 14 нысандық оқу-жаттығу, 35 арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Сонымен қатар, ықтимал төтенше жағдайларға байланысты 1438 оқу-жаттығу мен 143 сейсмологиялық жаттығу ұйымдастырылды.
Президент халыққа Жолдауында білім мен біліктілікті көтеруге айрықша мән берген. Осы ретте Департамент бойынша республикалық курстарда 24 қызметкер оқудан өтті.
Мемлекеттің басым бағыттарының бірі – мемлекеттік тілді дамыту мен жетілдіру. Осы мақсатта 2017 жылдың 15 қыркүйегінде Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарасты Қорқыт Ата мемориалды кешеніндегі этноауылда «Полиглот» республикалық байқауы өтті. Байқауға аумақтық төтенше жағдайлар департаменттерінде өткен іріктеу байқауында жеңімпаз болып танылған тіл шеберлері қатысты. Яғни, Астана және Алматы қалаларынан, 14 облыстан, Көкшетау техникалық институтынан келген қатысушылар «үш тұғырлы тіл» сайысында бақ сынасты.
«Алаштың анасы» атанған Сыр елінде, киелі Қорқыт баба жерінде Қазақстан халқының тілдері күніне орай өткізіліп отырған «Полиглот» республикалық байқауының басты мақсаты - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасын іске асыру, үш тілді – қазақ, орыс, ағылшын және одан да көп тілдерді жетік меңгерген қызметкерлерді анықтау және қолдау болды.
Тұтастай алғанда, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметі ел Президентінің жүргізген мемлекеттік бағдарламаларын табысты жүзеге асыруға бағытталған.

Айгүл Нұрманова,
Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 желтоксан 2017 г. 1 373 0