Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиадаға Қазақстаннан тұңғыш рет үш спортшы қатысады

Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарына мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш рет Қазақстаннан үш спортшы қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
Осыған дейін спорттық додалардың төресі саналатын Олимпиада ойындарына спорттың бұл түрінен Денис Тен мен Элизабет Тұрсынбаева жолдама жеңіп алған болатын. Сондай-ақ, Элизабет Тұрсынбаеваның әлем чемпионатындағы көрсеткішінің нәтижесінде Қазақстан тағы бір лицензияға қол жеткізу мүмкіндігіне ие болды. Енді осы үшінші жолдамаға кім иелік ететіні желтоқсан айының соңында ел біріншілігінде белгілі болады.


НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 желтоксан 2017 г. 534 0