«Нұр Отан» партиясының хатшысы Сыр өңірінде

«Нұр Отан» партиясының хатшысы Ғабидолла Әбдірахымов жұмыс сапарымен Сыр өңірінде болды. Өңірге жасаған сапары барысында партия Хатшысы алдымен қаланың сол жақ жағалауындағы салынып жатқан құрылыс нысандарымен танысып оң бағасын берді. Онан соң облыстық мекемелер үйінде мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бағытындағы Елбасы, Партия Төрағасы тапсырмаларының орындалуы жөнінде жиын өткізді.
Аталмыш жиынға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Нұрлан Тілешеев, мәслихат депутаттары, аудан, қала әкімдері, облыстық департаменттер мен басқарма басшылары және партия активі қатысты.
Жиынды облыстық партия филиалының төрағасы, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жүргізді. Филиал төрағасы партияның Сайлауалды тұғырнамасында көзделген міндеттер мен мемелекттік бағдарламалардың орындалуына партиялық қадағалауды жүзеге асыру әрбір нұротандықтың маңызды жұмыстарының бірі екендігін атап өтіп, күн тәртібіне сәйкес өңірдегі атқарылған жұмыстарды баяндау үшін тиісті басқарма басшыларына сөз берді.
Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының аймақта жүзеге асырылуы туралы облыстық білім басқармасының басышсы Бақытжан Сайлыбаев баяндады.
Облыста білім беру саласын қаржыландыру жыл сайын өсіп келеді. Сала бюджеті 2015 жылы 63,9 млрд. теңгені құраған болса, 2016 жылы ол 70,0 млрд, ал биыл 89,3 млрд. теңгені құраған.Оқуышлар саны да 6 мыңға көбейіп отыр. Оның ішінде, 1- сыныпқа келген балалар саны 18239-ке жетіп отыр. Өткен оқу жылы 13 мектептің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілген болса, жаңа оқу жылының қарсаңында Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарындағы апаттық жағдайдағы 11 мектептің құрылысы жергілікті бюджет есебінен, Жаңақорған ауданында 300 орындық 2 мектеп құрылысы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қайта салынып, пайдалануға берілген. Бұл өз кезегінде мектептердегі оқушы орнының тапшылығын азайтып, оқу процесін екі ауысымнан асырмай жүргізуге толық мүмкіндік беріп отыр», - дейді Бақытжан Сайлыбаев.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Шәріпбаева 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасы аясындағы нәтижелі жұмыстарды баяндай келе, медицина саласындағы кадр жетіспеу­шілігі, сонымен қатар денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметшілерге қатысты кедергілер мен ұсыныстарын жеткізді.
- Медицина саласындағы мемлекетік қызметшілерге, соның ішінде дәрігерлерге медициналық тәжірибеге тиым салынған. Бұл өз кезегінде дәрігерлердің біліктіліктеріне, уакыт өте келе кәсіби дағдыларынан жолғалтуына алып келеді. Мәселен, мемлекеттік қызметтен кеткен медицина мамандары өздерінің мамандықтары бойынша жұмысқа тұра алмайды. Сондықтан қолданыстағы заңдарда мемлекеттік қызметтегі медицина саласы мамандарына қойылатын шектеулерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынамыз»,- деді ол.
Жиында сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытындағы атқарылған жұмыстар да тыңдалды. Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызметі істері департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Абзал Мұхимовтың айтуынша сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар саны азайған.
- 2017 жылдың 9 айында облыс көлемінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы 110 қылмыс орын алса, 2016 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 14,7 пайызға төмендеп отыр. Орын алған жемқорлық қылмыстар бойынша 64 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 9 айда сыбайлас жемқорлық қылмыстардан 800 млн.тг жуық қаржы шығын келтірілсе, бүгінгі күнге оның 740 млн. теңгеге жуық қаржысы мемлекет пайдасына өндірілді»деп атап өтті.
Активті қорытындылаған партия хат­шысы Ғабидолла Рахметоллаұлы өңірдің өркендеуін Сырдария өзеннің сол жағалауындағы жаңа қаланың бой көтеруінен-ақ байқағанын айттып, жиылғандарды Елбасы жүктеген міндеттерді жүйелі жүзеге асыруға шақырды.
–Қазіргі кезде ел аумағында Елбасы­ның бастамасымен өмірге келген «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдар­ламасы аясында үлкен істер атқарылып жатыр. Осы орайда партия Төрағасының партияны да қайта жаңғырту жөніндегі тапсырмасын орындауға да бел шеше кірісетін кез келді. Біздер үшін жаңғыру – бірінші кезекте жұрт жүрегіне тікелей жол табатын игі істерді жүзеге асыру және сол арқылы қалың бұқараның үмітін ақтау», деді ол.
Жиын аяқталғаннан кейін партия хатшысы Ғабидолла Әбдірахымов өңір жастары мен «Жас Отан» жастар қанатының белсенділерімен бейресми кездесу өткізді. Онда партия хатшысы мемлекет және партия тарапынан жастарға деген қамқорлықтың зор екенін айтып, «Мәңгілік ел» болу жолындағы жастардың рөліне тоқталды.Сонымен қатар Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындайтын міндетерді жүзеге асыруда жастарға қозғаушы болуы керектігін айтты.
Партия хатшысы Сыр өңіріне жасаған жұмыс сапарының соңында Қызылорда қаласына қарасты Ақсуат ауылдық округі тынысымен танысып, тұрғындар тілегін тыңдаумен аяқтады.

Нұрлыбек Қасымов.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 желтоксан 2017 г. 672 0