МАҢЫЗДЫ МОНОГРАФИЯ

ҚР Тәуелсіздігі күні қар­саңында Астанада «Рухани жаңғырудың» іске асырылуы туралы ұжымдық монографиялар таныстырылды.
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры, ҚР Президенті жанындағы рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Ерлан Сыдықов кіріспе сөзінде білім беру және ғылыми қауымдастықтар үшін монографиялардың маңызы аса жоғары екенін, аталған еңбектердің мазмұны жаңа материалдардан тұратынын әрі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың тұжырымдамалық мәселелерін қамтитынын атап өтті.
ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко да алғы сөзін арнай отырып, Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласындағы нақты жобалардың, әсіресе, қазақстандықтардың жаңа бәсекеге қабілетті әрі патриотты буынын тәрбиелеу кезіндегі кешендік тәсілінің маңыздылығына тоқталып өтті. Оның айтуынша, жүргізілген зерттеу нәтижелері Елбасының түбегейлі өзгерістерге қатысты бастамаларына қазақстандықтардың жоғары қолдау білдіретінін дәлелдеді. Бұдан өзге, ұсынылған материалдардың заң шығару процесін жетілдіру үшін маңызды екені аталып өтті.
Еуразиялық интеграция институтының директоры Ғани Нығыметов монографияларда мемлекеттің коммуникативтік және әлеуметтік саясатын қазақстандық қоғамның оны қабылдауы тұрғысынан мұқият және жан-жақты зерттеуге әрекет жасалғанын баса айтып өтті.
Алғаш рет ғылыми айналымға «интеграциялық-коммуникативтік саясат» термині енгізілді, оны тиімді жүзеге асырудың практикалары көрсетілді. ҚР Білім және ғылым министрлігі қолдау көрсеткен жаңашылдықтар ретінде алғаш рет қазақстандық практикада нақты ұсынымдар жасау үшін әлеуметтік зерттеулер нәтижесін талқылаудың ашық алаңдары пайдаланылды. Монографиялардың еліміздің 50-ден астам ЖОО-ға әлеуметтік-гуманитарлық кафедралар мен ҚХА кафедралары үшін оқу-әдістемелік материал ретінде, сондай-ақ ұлттық кітапханалар мен олардың филиалдарына жіберілетіні кездейсоқ емес.
Тұсаукесерде ұжымдық монографиялардың бірлескен авторлары мен рецензия жазушылар сөз сөйледі: Н.Калашникова, Т.Бұрбаев, Ж.Медеуов, Ғ.Шалахметов, Ғ.Телебаев, Ж.Ысқақова, олар кросс-мәдени диалог форматындағы зерттеулерді және жаңғырту үдерістеріне қоғамның реакциясын жүйелі өлшеуді жалғастыру қажеттігін атап өтті және маңыздысы – қазақстандықтардың қоғамдық сананың құндылықты негіздерін сақтауға қазақстандықтардың қатысу деңгейін арттыру.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 желтоксан 2017 г. 689 0