ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары тағайындалды
Жанат Қуанышұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.
Бұл туралы кеше Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Сондай-ақ Мемлекет басшысының Өкімімен Марат Ғанұлы Демеуов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды.