Мемлекет басшысы елорданың Астана қаласына көшуінің 20 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Президенті Астананың іргесін қалауға алғашқы болып атсалысқан азаматтармен кездесті. Мемлекет басшысы ЭКСПО конгресс-орталығы ғимаратында елорданың Астана қаласына көшуінің 20 жылдығына арналған «Президент және Астана» атты фотокөрмені аралап көрді.
Елбасы фотокөрме жұмысымен танысқан соң, осы мерекеге арналған отандық және шетелдік эстрада жұлдыздарының салтанатты концертін көруге барды.