ҚАЗАЛЫДА АУДАНДЫҚ АУРУХАНА АШЫЛАДЫ

Қазалы ауданында тұрғындардың денсаулығын жақсарту күн тәртібінен түскен емес. Есепті кезеңде1381 туылым, 343 өлім тіркелген.

Ауданда ана өлімі жоқ. Сәбилер шетінеуінің көрсеткіштерінде төмендеу тенденциясы бар. Көрсеткіш 9–6,5 болды. Ал туберкулезбен бірнші рет ауырмашылдық – 38 адам. 100 мың тұрғынға шаққанда 49-9.

Өткен жылы құрылысы басталған 150 орындық аурухана осы айда пайдалануға берілмек. Қазіргі таңда заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықтау мәселелері шешілуде. Облыс әкімінің тікелей қолдауымен «Ангиограф» медициналық аппараты алынып, Ресей елінің мамандарымен келісім жасалынды. Қазір жаңа ғимаратқа қондыру жұмыстары жүргізілуде. Жаңа аурухана жанынан аудандық емхана салу жоспарлануда.  250 келушіге арналған емхана құрылысын салу жобасының құжаттарын әзірлеуге облыстық бюджеттен 16,7 млн.теңге бөлінді.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 желтоксан 2017 г. 543 0