ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА АПАТТЫ МЕКТЕПТЕР ЖОЙЫЛДЫ

Биыл Қазалы ауданында Бірлік, Лахалы, Майдакөл, Шилі, Шәкен елді мекендерінен 5 жаңа мектеп пайдалануға беріліп,  апатты мектептер мәселесі толығымен шешілді.

Сонымен қатар, Қазалы қаласындағы №95 орта мектептің шатырына күрделі жөндеу, Әйтеке би кентіндегі №266 мектеп-лицейге ағымдағы жөндеу жүргізілді. 3 мектеп-лицей, гимназия және оқушылар үйі робототехника кабинетімен жабдықталды.

Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бағытында барлық 36 мектепке бейнебақылау камералары орнатылды.

11 сынып оқушыларын ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындығын күшейту мақсатында Арал ауданында орналасқан «Қамбаш» балаларды сауықтыру орталығына 500 оқушы жіберіліп, қосымша оқытылды.

Ауданда 3-6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі тәрбиемен 100 пайыз қамтылған.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 желтоксан 2017 г. 501 0