« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қазалы ауданы бойынша тұрғын үй құрылысын сұрап жазған өтініштер санын азайту мақсатында 5 жаңа қоныстану аймағы игерілу үстінде. Өткен айда инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген Әйтеке би кенті мен Басықара автожолы бағытындағы 56 гектар жер учаскесінен тұрғын үй салу үшін 200 адамға жер учаскелері берілген болатын.
Алдағы уақытта қалған 180 және 210 гектар жер учаскелері бойынша тағы 1000-нан астам тұрғынға жер берілмек. Қазір аталған жер учаскелеріне жол салу, электрмен жабдықтау, ауыз сумен қамту, газ жүргізу жұмыстары жүруде.
Қазалы қаласы бойынша да көлемі 180 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстарының жоба-сметалық құжаттары әзірленді. Жақында құрылыс жұмыстары басталады. Сонымен қатар, 81 гектар жер учаскесі бойынша жол салу, электрмен, ауыз сумен, газбен жабдықтау жобасы әзірленуде. Бұл екі учаскеден тағы 1000-ға жуық жер учаскесі ашылады.
Жалпы, осы жұмыстардың негізінде алдағы уақытта үш мыңға жуық қазалылыққа жер берілмек. Болашақта қала мен кенттің қосылуы нәтижесінде бұл орын үлкен орталыққа айналатын болады.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |