Мемлекет басшысы бизнесті дамытуға жағдай жасаған әкімді марапаттайды

Астанада өтіп жатқан «Kazakhstan Global Investment Roundtable» форумында Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев ертең Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың субұлттық рейтингте бірінші орынға ие болған әкімді марапаттайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.
«Үкімет инвест климаттың жақсаруы өңірлердегі атқарушы биліктің де әрекетіне байланысты екенін түсінеді. Сондықтан осы жылдан бастап, өңірлердегі бизнесті жүргізудің жеңілдетуіне баға беретін жаңа рейтингті енгіздік. Ол «субұлттық рейтинг» деп аталады. Ертең Елбасы аталған субұлттық рейтингте бірінші орынға ие болған әкімді марапаттайды», - деді премьер-министр форумда.
Айта кетейік, «Kazakhstan Global Investment Roundtable» форумына 100-ден астам компания қатысуда. Аталған форум аясында шетелік инвесторлармен құны 3,5 млрд долларды құрайтын 13 келісімге қол қойылады деп жоспарланған.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 желтоксан 2017 г. 478 0